Жаңалықтар

Жұманғарин нарыққа шығарылатын көкөністердің көлемін ұлғайтуды тапсырды

Жұманғарин нарыққа шығарылатын көкөністердің көлемін ұлғайтуды тапсырды
Фото: gov.kz 05.03.2023 10:03 883

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Серік Жұманғарин өткен аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын атап көрсетті. Яғни,тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

«Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай,  көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын», — деді Серік Жұманғарин әкімдіктердің басшыларына.

Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтқандай, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді.  Бүгінде 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз - 4,9 мың тонна, қырыққабат - 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға