Жаңалықтар

Жұмада елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Жұмада елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Фото: © El.kz 18.08.2023 08:24 615

Синоптиктер ел аумағында 18 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел болжанады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-37°С дейін қатты ыстық болады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға