Жұлдызай Дүйсенбиева «Шаншар» театрына барды
08.12.2023 10:06
Фото:
Видеодан алынған кадр
Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева бір кездері жұлдызын жаққан «Шаншар» әзіл-сықақ театрына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актриса бұл жолы театрға көрермен ретінде барған. Ал кештең соң ұжымдағы бұрынғы әріптестерімен арнайы барып амандасып, құттықтап шыққан.
Мұны көрген оқырман қауым актрисаның театрға оралғанын әлі де қалайтынын жазуда.
«Бұрынғы театрға ештеңе жетпейді. Бірге көруді сағынып жүрміз. Қосылып, бастарыңыз біріксе екен», «Жұлдызай, мойындау керек, мықты актриса», «Бәрі мықты актерлер. Бірақ бәрі бір-бірімен біріккенде ғана әдемі қойылымдар болған еді», - деген сыңайдағы пікірлер қалдырған.
@uiat.emes ♬ оригинальный звук - Қыздархан Еркінқызы
Бұған дейін өнер иесі денсаулығы сыр беріп, операция жасатқанын айтқан болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

