Жұлдыз жорамал: тамыз айында махаббатын кезіктіретін 3 белгі
Астрологияда әр айдың өзіндік энергетикасы мен ықпалы бар. Тамыз айы жеке өмір мен романтикалық қарым-қатынастарға серпін беретін кезеңдердің бірі саналады. Жұлдыздар қозғалысына сүйенсек, осы айда үш жұлдызнама белгісі үшін сезім, махаббат және жақын қарым-қатынас ерекше маңызға ие болмақ. Қай белгілер бұл тізімге енді? Тамызда кімдердің жүрегі махаббатқа толуы мүмкін? Ендеше, бірге анықтайық.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Тамыз айы Арыстандар үшін қарым-қатынаста жаңа мүмкіндіктер кезеңі болмақ. 23 тамыздағы жаңа ай сезімдерге терең бойлап, нақты не қалайтыныңызды ұғынуға жол ашады. 25 тамызда Венераның осы белгіге өтуі эмоционалдық белсенділікті арттырып, романтикалық таныстықтардың көбеюіне әсер етуі мүмкін. Жаңа таныстықтардан бөлек, бар қатынастар да жаңа деңгейге көтеріледі.
Кеңес: Табиғи болыңыз, ішкі сенім мен өзін-өзі бағалау басты рөл атқарады.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
7 тамыздан бастап Марс планетасы Таразы белгісіне сенімді күш-қуат сыйлайды. Бұл – жылы қарым-қатынас құруға, түсіністік пен үйлесімділікті арттыруға тиімді кезең. 17-26 тамыз аралығында өзара сенім мен жақындық күшейіп, терең диалогтар арқылы байланыстар нығая түседі.
Кеңес: Ашық әрі сабырлы болыңыз. Эмоциялық тұрақтылық өзара түсіністікті арттырады.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
9 тамыздағы айдың толықтығы Мергендерге серпіліс әкеледі. Бұл – қарым-қатынасқа жаңа көзқараспен қарауға, өткен тәжірибелерді қайта бағамдауға ықпал ететін кезең. 25 тамыздан кейін Венера Арыстан белгісіне өтеді. Бұл – өзіңізге жақын, еркіндікті бағалайтын адаммен кездесу мүмкіндігін арттырады. Жаңа таныстықтар орын алып, сапарға шығуыңыз ықтимал.
Кеңес: Қарым-қатынаста икемді болыңыз. Жоспардан тыс өзгерістерге ашық көзқараспен қараңыз.
Басқа жұлдызнама белгілеріне арналған қысқаша кеңестер:
- Тоқты: Байыпты шешім қабылдауға ұмтылыңыз. Қарым-қатынаста сабыр сақтау маңызды.
- Торпақ: Жеке кеңістік пен сенімділікке мән беріңіз. Әріптестік қатынастарды дамытуға қолайлы уақыт.
- Егіздер: Ашық әңгіме мен пікір алмасу қарым-қатынасты нығайтады. Сезіміңізді жасырып қалмаңыз.
- Шаян: Өткенмен қоштасып, жаңа мүмкіндіктерге көңіл бөліңіз. Ішкі эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау маңызды.
- Бикеш: Жаңа таныстықтардан қашпаңыз, бірақ сақтықты да ұмытпаған жөн. Сезімге емес, іс-әрекетке қарап шешім қабылдаңыз.
- Сарышаян: Қарым-қатынаста сенім мен ашықтық басты назарда болуы керек.
- Тауешкі: Эмоцияны іште сақтамауға тырысыңыз. Қарым-қатынасты нығайту үшін жұбыңызбен ашық болыңыз.
- Суқұйғыш: Бұл айда достық қарым-қатынас махаббатқа өрбуі мүмкін.
- Балықтар: Сезімталдық пен түсіністік – сіздің күшті жағыңыз. Бұл қасиеттер қарым-қатынаста тиімді болады.
Айта кетейік, бұған дейін несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек екені жайлы жазған едік.

