Жаңалықтар

Жүлде қоры – 30 миллион теңге: Астанада бәйгеден республикалық турнир өтеді

Жүлде қоры – 30 миллион теңге: Астанада бәйгеден республикалық турнир өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 03.07.2024 10:38 473

Қала әкімдігінің қолдауымен Астана күніне орай қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясының ұйымдастыруымен бәйгеден республикалық «Астана кубогі» турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің барлық өңірінен үздік шабандоздар «Астана-Талапкер» тас жолындағы елордалық ипподромда бақ сынайтын болады.

Жарыс бағдарламасында 7 шақырымдық «Құнан» және «Жорға», 15 шақырымдық «Топ» және 22 шақырымдық «Аламан» бәйге бар. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Жарыс 8 шілдеде сағат 12.00-де басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға