«Рома» Жозе Моуриньюдің команданың бас бапкері қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
60 жастағы маманмен келісімшарт 2024 жылдың маусым айына дейін жасалған болатын.
Команда соңғы бес ойында тек бір рет жеңіске жетті. Ал биылғы турнирлік кестеде 20 турдан кейін 29 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Моуринью «Романың» тізгінін 2021 жылғы жазда ұстады. Португалиялық бапкермен клуб 2021/22 маусымда Конференция лигасында жеңіске жеткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

