Жойқын зілзаладан бір адам қаза тауып, ондаған адам қирандылар астында қалды
28.03.2025 15:33
Фото:
t.me/ru2ch
Мьянмадағы жер сілкінісі 1,2 миллион адам тұратын Мандалай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Табиғи апаттан бір адам көз жұмып, однаған адам қирандылар астында қалған.
Қытай сейсмологиялық басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,9-ды құрады.
Зілзала Қытай, Таиланд және Вьетнамда сезілген.
Мьянмада 6,4 магнитудалы жер сілкінісі араға 12 минут салып тағы болған.
Зілзаладан Иравади өзеніндегі көпір бөлігі мен Мандалай тарихи сарайы құлаған.
Таиланд билігі Бангкокте төтенше жағдай жариялады. Қалада құрылысы жүріп жатқан биік ғимарат қираған. Сонымен қатар елде әуежайлар уақытша жұмысын тоқтатты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

