Жаңалықтар

«Жойқын жер сілкінісі болады». Өңірлерден Алматыға ТЖД қызметкерлері келіп жатқаны рас па?

«Жойқын жер сілкінісі болады». Өңірлерден Алматыға ТЖД қызметкерлері келіп жатқаны рас па?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 16:29 85090

Әлеуметтік желіде жер сілкінісіне қатысты түрлі хабарламалар таралып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол хабарламаларда басқа өңірлердегі Төтенше жағдай департаментінің өкілдері Алматыға шақырылып жатқаны айтылады. Яғни, осы түні жойқын жер сілкінісі болатынына байланысты қосымша көмек қажет етіледі дейді.

Алматы облыстық Төтенше жағдай департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі таралып жатқан жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұрайды. Тек ТЖМ және ТЖД парақшаларында жарияланған ақпараттарға ғана сенулеріңізді сұраймыз. Дүрбелеңге салынбай, сабырлық сақтаңыз! - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бүгін Алматыда бес балдық жер сілкінісі болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға