Жойқын тайфун жақындап келеді: рейстер тоқтатылды
Фото: Тwitter
Фото: Тwitter
28.08.2024 11:34
661
Жапонияда «Шаньшань» тайфуны жақындауына байланысты 230-дан астам рейс тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әуежайлар мен әуе компанияларының мониторинг қызметтерінің мәліметтеріне сүйене отырып ТАСС хабарлады.
Болжам бойынша, тайфун бүгін 28 тамызда Окинава префектурасының аралдарына жақындап, кешке оңтүстік-батыс Кюсю аралына жетеді.
Бұл шаралар бірінші кезекте Кюсю аралындағы әуежайларға әсер етеді. «All Nippon Airways» 28-30 тамыз аралығында 80 рейсті тоқтатты.
Тайфун қазір Амами аралдарына (Окинава префектурасы) жақындап келеді және солтүстік-батысқа қарай Кюсюге, сондай-ақ Жапонияның басты аралы Хонсюге қарай жылжуы мүмкін, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің туғанына 120 жыл
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды