"Жомарт жүрек" байқауына дауыс беру басталды
«Қазақстан қоғамдық даму институты» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған «Жомарт Жүрек» сыйлығын беруге арналған республикалық конкурсқа онлайн дауыс беру басталды, деп хабарлайды EL.KZ.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, «Жомарт Жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау. Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.
Байқау 5 номинация бойынша өтеді:
- «Жыл тұлғасы»;
- «Жыл меценаты»;
- «Туған өлке»;
- «Жылдың үздік ұйымы»;
- «Жылдың үздік қамқоршысы».
Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында 28 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт Жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.