Жаңалықтар

Жолдаудың 90 пайызы экономиканы дамытуға бағытталды – Олжас Құдайбергенов

Жолдаудың 90 пайызы экономиканы дамытуға бағытталды – Олжас Құдайбергенов
Фото: Әлеуметтік желіден 06.09.2023 11:00 1033

Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі, экономист Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, еліміздің стратегиялау жүйесіндегі 6 деңгейдің 4 деңгей қажетсіз. Себебі әлемдегі дамыған елдердің стратегиялау жүйесінде 2 ғана деңгей бар. Бірінші – үкімет деңгейіндегі стратегиялық құжат. Екінші – министрлік және өңірлік деңгейдегі құжат.

Стратегиялық жоспар жүйесінде тек екі құжат қалу керек. Жалпы стратегиялық құжат қабылданған кезде ол ақшасыз қабылданады. Яғни, алдын ала қаражат бөлінбейді. Егер, стратегиялық құжат 5 жылға деп қабылданса, оған тек екінші жылы ғана ақша бөлінеді. Әр стратегиялық құжат 3-4 жыл жұмыс істейді. Осы тұрғыда президент халыққа жолдауында блоктық бюджет туралы айтқан болатын. Сол жүйе қабылданса, онда әрбір министрлік алдағы 5 жылға өзіне қандай лимит берілгенін біліп отырады және сол лимиттің мүмкіндігіне қарап жұмыс істейді, - дейді сарапшы.

Экономистің сөзінше, президент жолдауының 90 пайызында экономикалық дамуға дең қойылған. Мемлекет басшысы міндеттеген шаралар уақытылы жүзеге асатын болса, 5 жылдың ішінде елдегі жұмыссыздар саны азаяды.

Өткен жылғы жолдауда көбінесе әлеуметтік шаралар айтылды. Бұл жолдауда 90 пайыз экономикалық шаралар қамтылды. Дегенмен бұл шаралардың көлемі жағынан ең үлкен жолдау. Елімізде ресми түрде 500 мың жұмыссыз адам бар. Оның саны алдағы уақытта 1,5 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Егер бұл шаралардың барлығы дұрыс игерілсе, 5 жылдың ішінде жұмыссыздық жойылады, - деді Құдайбергенов.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін атап өткен болатын. Экономист бұл мәселе жөнінде де пікір білдірді.

4 мың шақырым жолды жаңарту арқылы бүкіл инфрақұрылысты жаңарту жасалады. Бұл шараға кемінде 50-60 мың млрд доллар инвестиция тартылады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі жалпы ішкі өнімде 13-14 пайызды құрайды, егер де «казсодержание» бағдарламасы дұрыс орындалса, оның көлемі 20-25 пайызға дейін өсуі мүмкін, - дейді сарапшы.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға