Жаңалықтар

Жолдау аясындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

Елбасы жолдауы
30.06.2016 12:06 3401

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауда әлемде орын алған жағдайда байланысты еліміздің нақты іс-әрекеттер стратегиясын айқындап, жаңа міндеттерді жүзеге асыруда «Нұр Отан» партиясына айрықша рөл жүктеді. Осыған орай елімізде іске асырылып отырған реформаларды халыққа түсіндіру жұмысы шеңберінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары бастаған үгіт-насихат топтары өңірлерге шықты. Көшпелі жиындардың басты мақсаты – Ұлт жоспарының мақсат-міндеттерін, халықтың түрлі әлеуметтік топтарына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жайлы толыққанды ақпаратты халыққа жеткізу.nurotan-news-1449131508

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында А.Мырзахметов өңірлік партия белсенділерімен кездесіп, биылғы Жолдауды іске асыру аясында партия алдында қойылған міндеттер мен жоспарларды талқылады. Партиялықтар халық арасындағы кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, жұртшылықты топтастыру және партияның өңірлердегі жұмысын барынша нығайту ісін қолға алып отыр.

Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру қажеттігі бірнеше рет айтылған. Ешбір экономикалық қауіптерге қарамастан, елімізде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау жалғасады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда – 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артады. Мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. Жалпы он жылда әлеуметтік салаға кеткен мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті.

nurotan-news-1449131508 (1)

Үкіметке жаңа әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі міндеттер қойылды. Осылайша мемлекеттік атаулы көмек олардың нақты табысы мен өмір сапасын бағалау негізінде мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Сондай-ақ «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасының басталғаны жария етілді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау күшейтіліп, инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформалар жалғасын таппақ. Аталған бағыт бойынша Мемлекет басшысы алдағы он жылға арналған нақты міндеттерді жария етті. Атап айтсақ, жыл сайынғы 5 пайыздық экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономикаға тартылатын инвестиция көлемін 10 жылда кем дегенде 100 млрд. долларға ұлғайту, 660 мыңнан астам жұмыс орнын құру, сондай-ақ еңбек өнімділігін екі есеге арттыру міндеті қойылды. Осы орайда партияның жүмысын реттейтін 21 регламенттік құжат қабылданып, Мәжіліс мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциялары жанынан бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын баұылау Комиссиясының Ережесі бекітілді.

«Аудан-облыс-орталық» қағидаты бойынша ай сайынғы мониторинг пен ақпарат жинау енгізілді. Бұл жұмысқа партияның барлық 242 филиалы, бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері мен мәслихат депутаттары тартылды. Мониторинг қорытындысы бойынша «Нұрлы жолды» іске асырудағы проблемалық мәселелер Үкімет басшылары және Мәжілістегі Фракция мүшелерінің қатысуымен өтетін отырыстарда қарастырылатын болды.

Бюджеттік қаржының жұмсалуына, партияның Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы тікелей қатысы бар салалық және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына осыған ұқсас партиялық бақылау орнатылмақ. Бұл жұмыстағы ең маңыздысы барлық бағдарламалардың іске асырылуының нақты көрсеткіштерін пысықтау  мен партия Төрағасының Бірінші орынбасары мен өңірлік филиал Төрағалары арасындағы бюджеттің атқарылуын орындау жөніндегі меморандумға қол қою болып табылады.

Жолдау аясындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін нақты іс-шаралар мен механизмдер қарастырылған жоспар әзірленгенін хабарлады.

Жұмыс сапары шеңберінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан екі әлеуметтік нысан  – 280 орындық балалар бақшасы мен отыз пәтерлік бес тұрғын үйден тұратын  «Жансая» тұрғын үй кешенінің құрылыстары барысымен танысты, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, осы саладағы өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау мәселелерін талқылады.

Жолдау аясындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бұдан әрі де мемлекеттік саясаттың басым бағыты болмақ. Кәсіпкерлікті өркендету арқылы  еліміздің экономикалық әлеуетті артпақ, тұрғындардың әл-ауқаты жақсармақ. Мемлекет тарапынан бөлінетін қолдау қаржы – субсидияларды беру тәртібі жүйелендіріліп, оның басым бөлігі шағын және орта бизнес жобаларына бағытталмақ. Осы орайда партия аталған жұмыстарды қоғам бақылауына алуды міндет қойып отыр. Агроөнеркәсіптік кешен секторына байланысты арнайы партиялық жоба қабылданып, ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көңіл бөлінуде. Сонымен қатар,әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында Жуық арада ірі кәсіпорын жұмысшыларын, ШОБ пен АӨК секторлары өкілдері есебінен партия мүшелерінің сапалық құрамын кеңейту жоспарланған. Саладағы өзекті мәселелерді кәсіпкерлермен бірлесе талқылаған партия басшылығы айтылған әрбір ұсыныс партияның назарына алынатынына сенім білдірді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға