Жолдар жабылды: 500-ден астам адам пойыздармен тасымалданды
Елімізде тас жолдардың жабылуына байланысты 500-ден астам адам қалааралық пойыздармен тасымалданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13-14 қаңтар аралығында Астана-Павлодар, Есіл-Атбасар және Көкшетау-Астана учаскелеріндегі тас жолдарында шектеулер енгізілген болатын.
Оқи отырыңыз:
Осыған байланысты жолаушылар мына пойыздармен тасымалданды:
-«Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша №7501 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Көкшетау» бағыты бойынша №7507/7508 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан – 1-Көкшетау» бағыты бойынша №6829/6830 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Атбасар» бағыты бойынша №6803/6804 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар» бағыты бойынша №7502 пойыз;
-«Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау» бағыты бойынша №6832 пойыз.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайтынын алға тартты.