«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы қамауға алынды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы 11 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы - «Қаламаңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.
Биылғы 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство мәліметінде.