Жаңалықтар

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып отырған

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып отырған
Фото: den-der.kz 12.08.2022 15:21 1310

ҚМА елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарын «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. 

Барлығы 27 эпизод анықталды. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға