Пәкістанда жолаушылар пойызындағы кепілге алынған адамдардың барлығы босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Associated Press мәліметінше, 440 жолаушының 21-і көз жұмған, қалғандары құтқарылған.
Естеріңізде болса, 11 наурызда «Белуджистанды азат ету әскерінің» өкілдері Пәкістанның оңтүстік-батысындағы пойызға шабуыл жасады.
Террористер пәкістандық әскери қызметкерлер ұстап алған Белуджистанның саяси тұтқындарын босатуды талап еткен.
Әскери операция нәтижесінде қауіпсіздік күштері барлық 33 қаскөйді өлтірген.
Қазіргі уақытта оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

