Жаңалықтар

Жолаушы Алматыдағы автобус апатының қалай болғанын айтты

Жолаушы Алматыдағы автобус апатының қалай болғанын айтты
Фото: instagram.com/almatynews_kaz 16.07.2024 13:03 973

Алматыда апатқа ұшыраған автобуста болған жолаушы жол апаты қалай болғанын айтты. Бұл туралы Massaget.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның сөзінше, оқиға Шаляпин көшесінен Әшімов көшесіне бұрылып жатқан кездегі аялдамада болған. 

Автобус тоқтайын деп тұрғанда алдынан КамАЗ шығып қалған болуы керек. Естуім бойынша, автобустың тежегіші істемей қалған. Сондықтан жүргізуші оңға бұрып жіберіп үйге соғылған. Автобустағылар бірден алға қарай құладық. Мен басымды қатты ұрып алдым. Әйнек сынықтары жаңбырша төгіліп кетті. Алдында тұрғандар қатты зардап шекті. Үлкен кісінің аяғы сынды. Көп адамның үстін терезе жырып кетті. Бір баланың қолын терезе толық жырып кеткен. Бәрімізді алып кетті, - дейді куәгер.

Айта кетейік, оқиға бүгін сағат 9:15 шамасында қаладағы Әшімов пен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. №137 автобус тұрғын үйдің қабырғасына соғылған. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, аялдамада тұрған автобусқа жүк келігі келіп соқтығысқан. Автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кеткен. Оннан аса адам зардап шеккен, қаза тапқандар жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға