Жаңалықтар

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға өсті

Жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға өсті
Фото: gov.kz 25.01.2023 10:55 1153

2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30 пайызға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады.

«Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жүр», делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарламасында. 

Айта кетейік, қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға