Жаңалықтар

Жол жөндеу: Алматы әкімдігі тұтас гранитті тастардың жойылғандығын жоққа шығарды

Жол жөндеу: Алматы әкімдігі тұтас гранитті тастардың жойылғандығын жоққа шығарды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 09.07.2023 19:35 1252

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына Үлкен Алматы каналы арқылы өтетін Сейфуллин көпірінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Профильдік басқарманың хабарлауынша, тек апаттық қаптау фрагменттері өзгереді, ал 1980 жылдардан бері сақталған сапалы гранит жабыны орнында қалады.

Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпір өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған. Содан бері бұл көпір құрылысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған, тозған плиталарды ішінара, бөлшектеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Көпірдің қаптамасында материалдың екі түрлі түрі қолданылатынын атап өткен жөн: оң жағында – гранитті тастар, сол жағында – Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 мм кесілген гранит плиталары, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар әкімдік беті жылтыр, жақсы сақталған бүтін гранитті тастар ауыстырылмайтынын мәлімдеді: оларды тазалау және тегістеу үшін алып тастайды, содан кейін олар осы учаскеде қайта пайдалануға және орнатуға жатады. Сайтта көзбен шолып қарау кезінде баспалдақ жиектерінде плиталарының ыдырауына қатысты ақаулар анықталғаны, тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде гранит плиталарының қабыршақтануы байқалғаны атап өтілді. Мұның бәрі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жөндеу жұмыстары аясында бұл плиталар да тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі.

Сейфуллин даңғылының қозғалыс бөлігінің қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 мм кесілген жалпақ гранит плиталарына келетін болсақ: бүгінгі күні оларда ақаулар мен үгінділер бар. Бұл плиталар ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-дан аспайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде тараған жаңа материалдардың сапасыз екені жөнінде тараған шындыққа жанаспайтын ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз: Орнатылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген әрлеу плиталары – граниттен («Желтау», «Майкөл» және «Жалғыз-5» кен орындары) жасалғандығын растайды, - делінген мәліметте.

Жұмыстарды биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түрксіб ауданы тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Алматы қалалық мобильділік басқармасы ҮАК арқылы Сейфуллин көпірін жөндеуге арналған БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз турын өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға