Жол құрылысында 5 мыңнан астам олқылық анықталды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
17.10.2022 22:53
Фото:
gov.kz
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 9 айда ел өңірлеріндегі жолдарға 10 мыңға жуық тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 5,1 мың олқылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz.
Жол-құрылыс материалдарының 23 мыңнан астам үлгісі іріктеліп, сынақтан өткізілген. Нәтижесінде 5,6 мың материал сынамасы немесе 24%-ы нормативтік талаптарға сай емес екені анықталды.
Мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысы қайта жасалды.
Сапа орталығы жауапсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдаған. Нәтижесінде 18 жағдай бойынша техникалық қадағалау мамандарының аттестаты тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылды. Ал техникалық қадағалау қызметтері мен мердігерлерге 29 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады