Жол апатынан жарақат алған ер адам ауруханаға тікұшақпен жеткізілді
25.03.2025 22:35
Фото:
ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
Зардап шеккен ер адам медициналық мекемеге ҚР ТЖМ тікұшағымен жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін шұғыл қажеттілікке байланысты сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттардың асқынуларын болдырмау мақсатында 1959 жылы туған ер адамды жеткізу үшін ведомстврның әуе кемесі жұмылдырылды.
ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Анатолий Козловский мен Бауржан Бутенбаев зардап шеккенді санавиация дәрігерлері бригадасының сүйемелдеуімен Күршім ауылынан Өскемен қаласына тасымалдауын жүзеге асырды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жүргізуші медициналық мекемеге аман-есен жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

