Жаңалықтар

«Жол апатына ұшырауымыз мүмкін еді»: Бишімбаев Нүкеновадан қауіптенгенін айтты

«Жол апатына ұшырауымыз мүмкін еді»: Бишімбаев Нүкеновадан қауіптенгенін айтты
Фото: t.me/Jogargy_sot 08.04.2024 15:48 2715

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экс-министрдің айтуынша, Нүкенова оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді. Ол рульде келе жатқанда өзіне тап бермес үшін әйеліне «Атаракс» препаратын сатып алғанын алға тартады.

Психиатрға Астанадан Павлодарға аттанатынымды айттым. Осы аралықта оған қандай да бір препарат жазып беруін сұрадым. Өйткені жол апатына ұшыраймыз ба деп қорықтым. Бұл қорқыныш негізсіз емес, анам сөздерімді растай алады. Оған дәрі-дәрмек ішуді ұсынғанда, ол бас тартатын, сол үшін екеуміз бірге қабылдау туралы ұсыныс жасайтынмын. Ара-арасында қабылдайтынмын. 8-9 қарашада қабылдаған жоқпыз. Сол екі қорап біткен соң мүлде қабылдаған жоқпыз, – деді Бишімбаев.

Дегенмен Бишімбаевтың сөздерін тек оның туыстары растай алады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға