Жаңалықтар

Жол апатына ұшыраған актриса қалай қиналғанын еске алды

Жол апатына ұшыраған актриса қалай қиналғанын еске алды
Фото: almaty.tv 21.03.2024 04:27 1347

Отандық театр актрисасы Айзада Сатыбалдиева «Алғашқы» бағдарламасында жол апатына ұшырағаннан кейінгі жағдайы қалай болғанын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сатыбалдиева – осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыда болған жол апатынан аман қалған жалғыз адам. Өнер иесінің сөзіне қарағанда, қалыпқа келуіне күйеуі көмектескен.

Баланы қалай өбектеп өсіреміз, дәл сондай деңгейде болдым. Орнымнан тұруды, кислород жұтуды үйрендім. Бір жұтым суды жұтудың өзін толық сезіндім. Бес жыл бойы қамқорлық жасаған жан жарыма алғыс айтамын. Бақыт, мен саған ризамын. Рухың мықты екен. Қалай қиналғанымызды екеуміз білеміз. Сенің мықтылығыңды мойындаймын. Сынбауымыз, жеңілмеуіміз керек, – деді Айзада Сатыбалдиева.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында актриса Шолпан Елгезекова да бар. Солардың арасында Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға