«Талдықорған – Үштөбе» трассасында екі машина соқтығысты, деп хабарлайды EL.KZ.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, зардап шеккендерге асыққан медициналық бригада көлігі де апатқа ұшыраған.
Жол апаты 19 тамыз күні кешке «Талдықорған – Үштөбе» тасжолында болды. Газель мен Nissan автокөліктері соқтығысқан.
Жеңіл автокөліктің салонында бес ересек және үш бала болғаны анықталды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.
Мәлім болғандай, оқиға орнына асығып келе жатқан жедел жәрдем бригадасы да жеңіл автокөлікпен соқтығысып, жол апатына ұшырады.
Бұл жол апатында зардап шеккендер жоқ. Тек көліктерге залал келген, - деді полициядан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цинциннати турнирі. Елена Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Келесі жаңалық
Министр Қанат Шарлапаев Қызылорда тұрғындарымен кездесті