Жаңалықтар

Жол апаты. Үш бала анасынан айырылды

Көлік апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Жол апаты. Үш бала анасынан айырылды
Фото: дереккөз 27.08.2022 00:40 1972

Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен А.Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 автокөліктері соқтығысты.

Көлік апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кәмелетке толмаған 3 бала түрлі дене жарақатымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері мен қалған екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды - делінген хабарламада.

Оқтға ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеідің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға