Жаңалықтар

Жол апаты. Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Жол апаты. Көкшетауда мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 09.08.2023 17:33 1016

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

8 тамыз күні сағат 19.40-та Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Қарасай тас жолында, Көкшетау қаласындағы Дмитриев көшесінің қиылысында адам өлімімен аяқталған ЖКО болғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 24 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, 45 жастағы ер адамның басқаруындағы Kawasaki маркалы мотоциклге жол бермегенін алдын ала анықтады. ЖКО нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі өмірге сәйкес келмейтін алған жарақаттарынан ЖКО орнында қайза тапты.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Автокөлік тәркіленіп, Көкшетау қаласының мамандандырылған тұрағына қамалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға