Жол апаты кезінде екі адам жүк көлігінің кабинасында қысылып қалды
12.06.2025 20:29
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі апатқа ұшырады. Оқиға Айыртау ауданындағы Шалқар көлінің жанында орналасқан демалыс аймағының біріне жақын жерде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүргізушінің рөлді басқара алмағаны көліктің аударылуына әкеп соқты. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы кабинада қысылып қалып қойған. Болған жайтты құтқарушыларға оқиға куәгерлері хабарлады.
Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару сайманның көмегімен қираған Камаздан зардап шеккендерді шығарып алып, кейіннен ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады. Өмірге қауіп төнген жағдайда әр минуттың маңыздылығын ескере отырып, құтқару жұмысы жедел және кәсіби түрде жүргізілді,-делінген ТЖМ мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

