Жаңалықтар

Жоғары ұпай жинаған түлектер неге грантқа түсе алмады? Саясат Нұрбек түсінік берді

Жоғары ұпай жинаған түлектер неге грантқа түсе алмады? Саясат Нұрбек түсінік берді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 06.08.2024 12:14 700

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары ұпай жинаған түлектердің не себепті грантқа түсе алмағанына қатысты мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұл түлектер грант аз бөлінген мамандықтарды таңдаған.

Гранттардың 60 пайызы басымдық берілген мамандықтар, соларға көп грант беріледі. Жоғары балл алып, грантқа түсе алмаған түлектердің тізімін көрсеңіздер, олардың ішінде грант көп бөлінген басымдық мамандықтар жоқ, – деді Саясат Нұрбек.

Ғылым және жоғары білім министрі алдағы уақытта мұндай мәселе туындамас үшін түлектерге техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес беретінін айтты.

Жоғары ұпай жинаған түлектер неге грантқа түсе алмады? Саясат Нұрбек түсінік берді

Біз ақпараттық және кәсіптік бағыттау жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Әлі күнге дейін талапкерлер ең мықты жоғары оқу орындарын таңдайды және ең үлкен талас болатын, яғни аз грант берілетін бәсекелік мамандықтарды таңдайтын болады. Өкінішке қарай, бұл конкурс, осыны түсінуіміз керек. Конкурстың мағынасы бәсеке деген сөз, яғни 200 грант берілсе, соған 5 мың адам тапсырып жатыр. Сол себепті амалсыз грантқа ілінбеген адамдардың саны жоғары болады. Сондықтан мұқият жоспарлап, таңдауларыңызды дұрыс жасаңыздар, – деді Нұрбек.

Айта кетейік, күні кеше Саясат Нұрбек грант алу мүмкіндіктері әлі де барын айтты. Министр мемлекеттік грант ала алмай қалған түлектерге мүмкіндіктер тізімін ұсынып, үміт үзбеуге шақырды. Себебі елімізде жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грантқа түсе алмаған, соның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға