Жаңалықтар

Жоғарғы сот Алмас Әбдіғаппаровтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Жоғарғы сот Алмас Әбдіғаппаровтың үкімін өзгеріссіз қалдырды
Фото: instagram.com/almas_abdygapparov 11.04.2023 18:33 677

Қазақстанның Жоғарғы соты кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Жоғарғы сот Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша шығарылған сот актілерін үкімін өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

3 наурызда кәсіпкердің адвокаты Сәуле Қобжанова Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық бергенін айтты.

Еске салсақ, 2022 жылы 5 шілдеде Parmigiano Group компаниясының директоры 2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкердің қамауға алынғаны 2021 жылдың шілдесінде белгілі болды. «AV Construction» ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол элиталық вилланың сатылуына байланысты болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға