«Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары анықталды
«2024 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық конкурстық комиссия өз мамандығы бойынша ең үздік оқытушыларды таңдады.
Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа еліміздің 90 жоғары оқу орнынан барлығы 946 үміткер қатысты. Конкурста электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды.
Конкурс жеңімпаздарының тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.