Жаңалықтар

Жоғарғы білім алу қолжетімділігі

Жер жаһанға жайлаған коронавирустан кейін білім беру жүйесі жаңаша бағытта құрылып, салада цифрландыру үдерісі қарқынды жүруде.
Жоғарғы білім алу қолжетімділігі
Фото: qazaqstan.tv 02.11.2022 10:26 3613

Озық елдердің тәжірибесіне қарағанда, білім беру саласына инвестиция құю, экономикалық дамудың негізі екенін көріп отырмыз. Мәселен, Жапонияда ЖОО 10 пайызы мемлекеттік, қалғаны жекеменшік болып табылады. Алайда білім беру саласында автономды дербестік бар, практикалық білім беруге басымдық береді.

Біз отандық жоғары мектептердің қаржыландыру деңгейіне, оқу ақысына және тағы басқа аспектілері бойынша талдаймыз.

Қазір кез келген ата-ана баласының білім алып, өмірден өз орнын тапқанын қалайды. Мейлі, ақылы болса да, соңғы сиырын сатып, оқуға түсіруге ынталы.

Оқи-ағарту министрлігі ата-аналардың талап-тілігін ескергендіктен бе, мемлекеттік тапсырыстың саны артқандықтан ба, әйтеуір жыл өткен сайын мемлекеттік грант санын арттырып келеді. 2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін шамамен 73 мың грант бөлінді. Оның басым бағыты жаратылыстану мен техникалық мамандық түрлеріне бағытталды.

Жалпы елде 122 жоғары оқу орны кәсіби маман дайындауға жауапты. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан қарағанда үш университетке азайды. Университеттің жартысынан астамы үш негізгі мегаполистен табасыз. Алматы қаласында – 42, Астана қаласындa – 15, Шымкент қаласында 8 жоғарғы оқу орны бар.

ИНВЕСТИЦИЯ ДЕҢГЕЙІ

2022 жылдың бірінші тоқсанында жоғарғы білім беру саласындағы қызметтерге 103 миллион теңге қаражат қаралды. Ұлттық статистика бюросы берген мәліметтер бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қаласындағы жоғары мектептер қаржының басым бөлігін иеленді. Ал Маңғыстау, Атырау және Қызылорда қаласындағы ЖОО қаржы аз бөлінді.

Жыл сайын инвестицияға сай мемлекеттік грант пен шәкіртақы артып келеді. Биыл грант саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Сәйкесінше, сапалы кадр дайындау бағыты өзгеріп, талап қатаңдады.

Қазір университеттердің алдында диплом алған маманды кәсіби маман ретінде түлету міндеті тұр. Алайда ЖОО арасында мамандыққа сәйкес материалдық-техникалық базасы сәйкес келмейтіні бар. Сол себепті биылғы оқу жылында елуге жуық мамандық бойынша білім беру тоқтатылды.

Саланың цифрлануы және өнімділікті арттыратын инновациялық технологияның дендеп енуімен көптеген мамандық түрі жойылып, кейбіреуі түбегейлі өзгеріске ұшырауда.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы он жылдықта елде жұмыс күшінің 74 пайызын миллениалдар мен Z ұрпағы құрамақ.

ТРЕНД МАМАНДЫҚТАР

Осыдан 15-20 жыл бұрын заңгер және экономист мамандығына сұраныс жоғары болса. Қазір цифрланумен қатар ІТ маманға сұраныс артты. Дамыған елдердің барлығы сандық технологияны дамытуға күш салуда.

Зерттеушілердің мәліметінше, қазақстандықтардың цифрлы сауаттылық деңгейі 87 пайызды құрайды. Қазақстанда озық технологияны бойынша мамандандыратын алты оқу орны бар. Олар: Astana IT University; Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті; Қарағанды техникалық университеті, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Барлығының оқуға түсу үшін шекті балл – 50.

Сандық технологияны елімізде меңгеріп шетелде жұмыс істеп жүрген мамандар қаншама? Солардың бірі – Аман Өтемұратов стартапты туған жерден бастағанын айтты:

Шетелде жұмыс жасап жүрген қазақстандықтардың көбісі отанымызда біліп алып келген. Әрине, перспектива көп десек те, туған жерде жұмыс жасау дұрыс. Алғашында Қазақстанда қызмет атқарып, шетелдік компанияларының іріктеуінен өттім. Google компаниясында жұмыс істеп жүріп үлкен тәжірибе жинадым. Қазір жастарға үлкен мүмкіндік беріп отырған Астана хабты дұрыс пайдаға асыру керек – дейді ол.

Заман қажеттілігінен туындап отырған ақпараттық қауіпсіздікті сақтау бойынша білім беретін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің цифрлық трансформация факультеті деканның орынбасы Арман Алимбеков оқу орны жайлы қысқаша баяндап берді.

– Кез келген үлкен компания құпия ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Яғни ол компанияға міндетті түрде қауіпсіздік керек. Біз дәл сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар факультетінде арнайы мамандарды даярламыз. Оның өзі үш кафедраға бөлінеді. Аталмыш салаға алты жүз грант бөлінеді. Киберқауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында біздің оқу орны үлкен шетелдік компаниялармен жұмыс жасайды. Барлығына танымал касперский, царка лабораториясымен тікелей байланыс жасаймыз. Бұл абитуренттерге мамандықты жетік меңгеруге үлкен мүмкіндік береді. Студенттер оқуды бітіргеннен кейін қалаған мекемелеріне жұмысқа орналаса алатынына кепілдік бере аламыз. Біздің университетті бітірген студенттердің 98 пайызы жұмыспен қамтылып келеді, – деді ғалым.

СТУДЕНТТЕР САНЫ

Былтырғы оқу жылы студенттер саны – 618 090 құрады. Оның 576 мыңнан астамы бакалавриат, 34 мыңы магистратура және 6 мыңнан астамы доктарантура бойынша білім алды. Биыл елімізде студенттер саны 6,8 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш 2026 жылға қарай 30 пайызға өседі. Ел бойынша түлектерді жоғарғы біліммен қамтуы 69,24 пайыз құрайды.

Ғылым және жоғарғы білім министрі Нұрбек Саясат: «Қазір студенттер саны – 600 мыңнан асса, алты-жеті жылдан кейін бұл көрсеткіш 1 миллионға жетеді. Ол кезде инфрақұрылым, кадрлар, білім беру бағдарламасы бойынша біз қазіргі орта және мектепке дейінгі білім берудегідей қысымды бастан кешіреміз». ОҚУ АҚЫСЫЖоғары оқу орындарының ішінен университеттердің прайстарына сәйкес, 2022-2023 жылы Л.Гумелов атындағы ЕҰУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ақысы 1 миллион теңгеден басталады. Педагогикалық білім беретін Абай атындағы ҚазҰПУ оқу құны 1 млн теңгеден асады.Ең төмен баға Шымкент университетінде – 250 мың теңгеден басталады.  Министрліктің мәліметінше, биыл 88,3 мың грант жоспарланды. Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласына, педагогикалық ғылымдарға, жаратылыстану ғылымдарына ерекше назар аударылады. Ұсынылған бөлуге сәйкес техникалық мамандықтардың үлесі 60 пайызға дейін артады (гуманитарлық – 28 пайыз, медициналық – 8 пайыз, шығармашылық – 4 пайыз). 

 Сондай-ақ, ведомствода 2021 жылдан бастап Қазақстанның 99 ЖОО-да әлемнің 75 елінен 30 мыңға жуық шет елдің студенті оқитынын хабарлады. Бұл негізінен ТМД, Азия, Еуропа, Америка, Таяу Шығыс және Африка елдінің азаматтары.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға