SHOT

Жоғалған Ан-24 ұшағының өртеніп жатқан қирандылары табылды

24.07.2025 11:50

Ан-24 жолаушылар ұшағының сынықтары Тында қаласынан 15 шақырым жердегі Курьян елді мекені маңынан табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Соңғы ақпарат бойынша борттағы барлық адам қаза тапты.

Еске салайық, Амур облысында Ан-24 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып, байланысқа шықпай қалған еді. Ұшақ бортында 48 адам болған.