Жаңалықтар

Жоғары оқу орындарына «Қазақтану» пәнін енгізу ұсынылды

Жоғары оқу орындарына «Қазақтану» пәнін енгізу ұсынылды
18.07.2019 17:52 4318

ҚХА «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оның қорытындысында қарар қабылданды.  

18 шілде 2019 жыл, Нұр-Сұлтан қаласы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясындағы бастамасымен қолға алынған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының маңызын назарға ала отырып, конференцияға қатысушылар қазақ халқының құндылықтары еліміздің барлық этностары үшін жалпыұлттық болуы керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар қатысушылар қазақ халқының тарихын, дәстүрін белсенді ілгерілету, халықтың бірлігі мен қазақстандықтардың жалпыұлттық тарихи санасын нығайту, қазақстандық патриотизм, этностардың рухани-мәдени бірлігі негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету қазақ халқының топтастырушы рөлінде мүмкін болады деп есептейді.

Сондықтан «Қазақтану» жобасы бірінші кезекте қазақ халқының базалық құндылықтары негізінде қалыптасатын ұлттық кодты анықтауға бағытталуы тиіс. Қазақстан өркениеттер қиылысының орталығында болды және біздің ортақ ұлттық құндылықтарымыздың: қонақжайлылық, ашықтық, төзімділік, өркениеттер мен мәдениеттер қиылысындағы өмірге бейімделе алатын қасиеттердің субстраты болып табылатын қасиеттерді қалыптастырды. «Қазақтану» жобасы қарқынды және әрдайым уақыт сынына жауап беруге дайын болуы тиіс.

Конференция қатысушылары жобаны іске асыру үшін келесі шараларды ұсынды:

— Жоғары оқу орындарында «Қазақтану» пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыру;

— Жалпы білім беретін мектептерде және Қазақстан халқы Ассамблеясының этнолингвистикалық орталықтарында «Қазақтану» үйірмесін құру;

— Достық үйлері жанында Қазақстан этностарының өкілдерін қазақ қолөнері мен кәсіпшіліктеріне үйретуге байланысты шеберлік сыныптар мен курстар ұйымдастыру, сонымен қоса олардың пайда болу тарихы мен маңызын оқыту;

— Қазақстан этностары арасында қазақ мәдениетін, тарихын, дәстүрлерін танымал етуде аймақтық ғылыми-ағартушылық және қолданбалы жобаларды әзірлеу. 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға