Жаңалықтар

Жастардың көбі онлайн курс оқығанды қалайды

Білім платформалары қаржы менеджері, маркетолог, дизайнер мамандарын бірнеше айда оқытып, дайындауды қолға алмақшы
Жастардың көбі онлайн курс оқығанды қалайды
Фото: El.kz 16.09.2022 12:53 3770

Әлеуметтік желіде толған курстардан көз жанарыңды алып қашу қиынның қиыны. Жарнамалық роликтердің толассыз жарқырауы адам санасын толғандырмай қоймайды. Жас буынды ғана емес, үлкендерді де жеңіл жолмен аз уақытта табыс табуға үйрететін мұндай мүмкіндіктер шынымен пайдалы ма? Осы сұрақ төңірегінде тілшіміз жауап іздеп көрді.

Карантиннен кейінгі кезең біршама өзгерістерге ұшырады. Теориялық білімнен қарағанда, практикалық білім алуға сұраныс артты. Сонымен қатар, онлайн форматта кез келген салада біліктілігіңізді арттыруға болады. Олай болса, қысқа уақыта маманданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқырмандарға ұсынамыз.

2022 жылы 170 мың оқушы мектеп бітірген. Оның 40 % қазіргі заманда жоғарғы оқу керек емес деп есептеген. Бұл шамамамен 68 мың түлек. Олардың ойынша бүгінгі пайдаланымдағы интернет ресурстар күнделікті өзгеріп отырады. Ал университеттердің білім беру бағдарламалары мұндай «трендтегі» технологиялар мен гаджет мүмкіндіктеріне ілесе алмайды. Маркетолог, дизайнер, СММ, таргет. Бұл мамандықтарды артық теориялық білімсіз, қысқа мерзімде мамандандыратын курстардың саны артып жатыр. Олардан өзекті және қажетті деген ақпараттарды аласыз.

Жастардың көбі онлайн курс оқығанды қалайды

Білім сапасының масштабы мен сапасы

ЖОО сізге тек мамандық бойынша ғана емес көкжиегіңізді кеңейту мақсатында бірнеше пәндерді қатар оқытады. Не үшін деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Дегенмен кез келген маманның жұмысы қоғаммен байланысты болады. Сондықтан әр адамның потенциалын түсіну, сезіні машығын қалыптастыру қажет. Ілгері даму үшін қосымша онлайн білім алу да артықтық етпейді.

Білім сапасын салыстыру өте қиын – бұл бағытқа, дайындық бағдарламасына байланысты. Онлайн курсты да таңдай білу қажет. Мысалға, блогерлер немесе елге танымал жандар өткізетін курстардың 75 пайызын пайдасыз деп тануға болады. Себебі олардың өздері ол саланың мамандары емес. Көп жағдайда білім ордасы бірнеше жыл бойы қалыптасып қалған оқу бағдарламалары бойынша дайындайды. Бұл ретте әрине онлайн курстардың заманауылығы бейімдеу мен үйрету жағынан бір қадам алдыда.

Жұмысқа орналасу перспективалары

Мемлекеттік білім біздің елде жоғары бағаланады. Дәрігер, мемлекеттік қызметкер және тағы басқа маңызды қызметтерге сіз дипломсыз орналаса алмайсыз. Түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана 60 пайыздық көрсеткішке жетіп отыр. ЖОО-да оқу кезеңінде жыл сайын арнайы ұйымдарда міндетті практика өтіледі. Формальды болып көрінгенімен болашаққа оң әсерін тигізетін тұстары басымдырақ. Әсіресе дипломалды практикада студент оң нәтиже көрсеткен жағдайда, сол мекеме жұмысқа қабылдау ықтималдығы жоғары.

Бұл тұрғыда онлайн курстармен біршама қиын. Оның мәртебесі мен лицензиясына қарай мөрі бар қарапайым сертификат немесе мемлекеттік үлгідегі құжаттар (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау және т.б. туралы куәліктер немесе куәліктер) берілуі мүмкін. Алайда, кейбірінде курс аяқталғасын сенімді серіктес компанияларға бірден жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Оқу құны

Қазақстанда ЖОО-дың жылдық оқу құны қымбат. 300 мыңнан басталып миллионға дейінгі сандарды көруге болады. Ал грант иегері атанған күннің өзінде, басқа қалаға түсетін студенттердің қосымша жұмсайтын қаражаттары бар. Бұл мәселелерді ескере келе, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында:

«Мемлекет ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесіне және де басқа көрсеткіштерге байланысты білім беру гранттарын әртүрлі деңгейге бөлуді жоспарлау. Және де оқу ақысын төлеу үшін студенттерге 2-3 пайыздық несие беруді қарастыру» - деген міндеттемелер тізбегін баяндаған болатын.
Қысқа мерзімді курстардың бағалары тіпті аспандап тұр. Санынан сапасы десек, қаражатыңыз көп болғаны дұрыс. Қымбат емес, орташа суммадағы курстар да бар. Бірақ оның тиімді екеніне ешкім кепілдік бермейді. Қалай болғанда да, ата-ананың баласына және әр жанның өзіне құйған инвестициясы ынталы болса еш кетпейді. Сараптай келе, қысқа мерзімді курстарды сатып алушылардың барлығын дерлік тез әрі қомақты ақша табудың көзі ретінде қарастыратынын түйіндедік. Сондықтан қазіргі баршаға танымал бизнестердің бірі сауда саласында 12 жыл тәжірибесі бар, Қытайдан тауар тасымалдайтын логистикалық компанияның негізін қалаушы Ыбырай Қапанұлымен сұхбаттастық.

– Ыбырай мырза, бірінші кезекте оқырмандарға өзіңіздің бизнесіңіз және өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.

– Мен Қытай Халық Республикасында туып өсіп, 2012 жылы Қазақстанға арман қуып келгенмін. Жоғары білімім болмаса да, қытай тілін тереңдетіп зерттеу маманымын. Бүгінгі күні тауар тасымалдайтын логистикалық компанияға басшылық жасап, мыңдаған адамға онлайн және оффлайн бизнесті дамытуға көмек қолын созып отырмын.

– Сіз айналысып жатқан бизнесті толық зерттеп, табысқа шығу үшін қанша уақытыңыз кетті?

– Жалпы бұл бизнесті уақытыңды арнап, шын пейіл ниетіңмен дұрыстап істесе 6 ай мен 1 жыл аралығында осы саланың эксперті болып шығуға болады. Мен үшін әрине қытай елінен келгендіктен едәуір жеңіл болды. Тіл жағынан еш қиындық туындамады және ең басты тасымадау жолын басқаларға ыңғайлы бағытта жасауға тырыстық.

– Қазіргі 1 айлық немесе одан да аз уақыт аралығын қамтитын курстар, 4 жылдық білімнің орнын баса алады ма?

– Қазіргі курстар 4 жылдық білімнің орнын баса алады. Бір айлық курста сіз уақытыңызды үнемдей отырып қысқа мерзімнің ішінде ақша тауып, өз кәсібіңізді бастауға негіз қалай аласыз. Олардың ыңғайлылығы кәсіп бастауға немесе басқаға нақты білімдер үйретіледі. Деседе сол қысқа курстарды саралап білу керек.

– Онлайн бизнестің ғұмыры қанша? Және жоғары білімнің қажеті жоқ деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

– Еш нәрсені мәңгілік деуге келмейді, десе де қазіргі таңда техника ұшқан құстай дамып келеді. Біз де интернетке күннен күнге тәуелді болып барамыз, осыған байланысты айтсақ онлайн бизнестің дауы әлі алда. Ал жоғары білім керек емес дегенге келіспеймін. Мейлі қай заманда болсада адамға адам болып өмір сүруі үшін жоғары білім міндетті түрде керек. Адам өмір бойы білім алып өзін дамытып отыруы керек.

– Қандай мамандықтар үшін 4 жылдық оқу қажет емес?

– Қазіргі сұранысқа ие маркетолог, копирайтинг, смм, аспаз және тағы да басқа. Міне осы мамандықтарға ұзақ уақыттық оқыту қажет емес деп ойлаймын.

Жастардың көбі онлайн курс оқығанды қалайды

Маркетолог маманнан да сыр тарқатып көрдік. Жанерке Ақанова марафон оқу арқылы копирайтер болып қызметін бастаған. Онлайн жұмыс жасап, маркетингтік компанияға орналасқан. Жанерке ханым курс оқу арқылы жұмысқа орналасуға әбден болады дегенді айтады.

«Маркетинг – Үлкен біліктілікті қажет етеді. Ол ғана емес креативтілікті, әрдайым ізденісті қажет етеді деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бір алған білімді толықтырып, жетілдіріп отырмаса заман ағымынан қалып қояды. Мысалға, 3-4 ай бұрын алған біліміңіз қазір актуалды болмауы мүмкін. Себебі уақыттың ағымына қарай тенденция өзгеріп отырады. Ол кездегі «маркетингтік ходтарыңыз» бүгін мүлдем жұмыс жасамауы мүмкін. Инфобизнеспен бірден айналысып кету мүмкін емес. Ақшаңыз тасып тұрса да, команда құру олардың біліктілігін арттыру, аудиторияны қанағаттандыру бұл өте қиын нәрсе. Бұл салада бір айда 5 000 000 теңге табу және келесі айда оны арттыру немесе осы нәтижені сақтап қалу үлкен жұмысты қажет етеді», – дейді маркетолог, продюсер, копирайтер Жанерке Ақанова.

Сондай-ақ Жанеркеден білім платформаларындағы өзгерістер мен қаржы менеджері, маркетолог, дизайнер мамандарын бірнеше айда оқытып, дайындау туралы жаңашылдықтарға қатысты пікірін де сұрап көрдік.

«Мұндай шешімдер қабылдау үшін қаржы керек, кадрларды дайындау керек. Бұл ұзақ уақыт. Инфобизнесте орнығып алған мамандар бар. Солар ары қарай дамыта бергендері дұрыс деп ойлаймын. Мұғалімдер тек теорияны ғана үйретеді. Оқу жүйесінің өзі солай. Қазір конкуренция жоғары. Сондықтан мамандар бір бірінен асып түсу үшін курстардың сапасын әр ай сайын жоғарылатып келеді. Және осы курстарда айтылған дүниені бірден іске асыру қажеттілігі жоғары. Себебі осы айда оқығаныңызды жасамасаңыз, келесіде сіз қалып қоясыз», дейді маркетолог.

Жастардың көбі онлайн курс оқығанды қалайды


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға