Жаңалықтар

Жиырма жылдан бері болмаған қыс күтіп тұр – синоптиктер

Жиырма жылдан бері болмаған қыс күтіп тұр – синоптиктер
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.11.2023 14:45 80884

Биылғы күздің жылы болуы Иран мен Жерорта теңізі аймақтарының ауа массалары әсерінен,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер алдағы үш күнде Каспийден келетін белсенді циклон әсерінен елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауатынын ескертеді. Кейін Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да жаңбыр жауады. Республика бойынша екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Солтүстікте бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасы 2 -12 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 8 -13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жоғарылайды деп күтілуде. Қазақстанның қалған аумағында температура фонында елеулі ауытқулар күтілмейді, – деді "Қазгидромет" РМК синоптигі Алуа Саханова.

Желтоқсан, қаңтар және ақпан айларындағы ауа райына Атлант мұхиты аймақтарынан ылғалды ауа массаларының жиі қозғалысы әсер ететінін жеткізді. Сондықтан 20 жыл бұрынғыдай қыс жылы болады деп күтілуде. 

Биыл қыс 2001-2002 жылдардағыдай болады деп күтілуде. Яғни жылы әрі жауын-шашын көп болады. Алдағы қыста Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанды. Ауаның орташа айлық температурасы көпжылдық мәліметтер бойынша нормадан 4-10 градусқа жоғары болды, – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.

Қазақстанда жаңа жылдың басында қар жиі жауады. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығының тұрғындары қатты аязға дайындалуы керек екен. Себебі синоптиктер термометрлер бағамы -17-ге дейін төмендейтінін алға тартты.

Тек оңтүстікте температура нөлден жоғары болады деп болжануда. Шамамен ақпан айына да осындай болмақ. Мамандар наурызда күн әдеттегіден де жылы болатынын болжады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға