Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев есімін әзілге айналдырғандарға жауап берді

Жигули Дайрабаев есімін әзілге айналдырғандарға жауап берді
Фото: Жигули Дайрабаев. Фото facebook.com 15.04.2023 10:33 3590

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев «Ұйқым келмейді» түнгі шоуында өзіне қатысты тың ақпараттарды бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алдымен Жигули Дайрабаев есімі неліктен «Жигули» екеніне тоқталды. Көпшілік оның атын көліктермен салыстырып, әзілге айналдырып жатады. Алайда «Жигули» көлігінің депутаттың есімімен ешқандай байланысы жоқ.

Әкем марқұм есімімді Самара қаласындағы Жигули деген таудың атына байланысты қойған. Ол балам таудай болсын деп ырымдады, - деді ол.

Сонымен қатар депутатты туыстары «энциклопедия» деп атайды екен. Өзінің сөзінше, бұған өмірлік тәжірибесі мен алған білімі себеп.

Мен бәрін білемін дейтін адамның кемшілігі бар деп ойлаймын. Ғұламалардың «20 жастан бастап өзіңді өзің тәрбиелеп, біліміңді шыңдамасаң, 80 жастағы қарияның жағдайымен теңесесің» деген сөзі бар. Сондықтан өмір деген күнде өзгеріс пен қозғалыстан тұрады. Заманның талабына сай болу керек, - деді Жигули Дайрабаев.

Келер жылы депутат 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Соған орай ол қазіргі таңда өскелең ұрпаққа естелік қалдыру үшін автобиографиясын жазып жатыр. Алдағы уақытта Жигули Дайрабаев кітабының тұсаукесерін өткізуге ниетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға