Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді
Кандидат дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді
Фото: baigenews.kz
Фото: baigenews.kz
20.11.2022 07:51
1431
ҚР Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев дауыс беруге келді, деп хабарлайды El.kz.
Кандидат дауыс беруге таңғы 7:00-де Түркістан көшесінде орналасқан 396 сайлау учаскесіне келді. Оның қасында жұбайы және балалары және туыстары болды.
Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түсті.
Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының сайлаушылармен кездескен еді.

Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс беруге келді