Жаңалықтар

«Жігіт бензин шашып, өртеп жіберген». Париж Олимпиадасына қатысқан марафоншы қайтыс болды

«Жігіт бензин шашып, өртеп жіберген». Париж Олимпиадасына қатысқан марафоншы қайтыс болды
Фото: pixabay.com 05.09.2024 16:52 3445

Париж Олимпиадасына қатысып, мәрені 44-ші болып кескен Ребекка Чептегеи қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Кенияның Транс-Нзоя округінде болған. Шіркеуден балаларымен үйге оралған Ребекканы бұрынғы жігіті Диксон Ндима Рид күтіп алып, жанжал шығарған.

Мүліктен туындаған дау, жер адамның Ребеккаға бензин шашып, өртеуімен аяқталды.  Спортшы денесінің 75 пайызын қатты күйік шалған.

Спортшы шұғыл түрде Эльдореттегі Moi University and Referral Hospital университеттік ауруханаға жеткізілген. алайда, спортшыны  құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол 33 жаста еді.

Айта кетейік, Ребекка Чептегеи 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға