Жігер Ауыпбаев неге жылады?
Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әнші өзінің Instagram парақшасына «Кейде сағынып кетесің...» деген қысқа әрі жұмбақ сипаттамасы бар видео жүктеген. Жазба соңында жарылған жүрек пен сәби бейнеленген эмодзилер қалдырылған. Видеоның музыкалық сүйемелдеуі ретінде жақында шыққан «Ұлың маған ұқсаған» атты авторлық әні таңдалған.
Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жазбадан жеке өміріне қатысты астар іздеп, түрліше ой жүгіртті. Кейбірі оны жан сырын бөлісіп, сағынышын білдірді деп түсінсе, енді бірі әншінің бұрынғы отбасына қатысты өкінішін байқап қалғандай болған.
– «Ер адамға жылау жараспайды»,
– «Мүмкін, бұрынғы жарыңызды бағаламаған боларсыз. Енді ойланып, сағына бастаған боларсыз»,
– «Алла сағынған адамыңызбен қайта қауышуды нәсіп етсін»,
– «Қазір еркектердің жылап шығуы да тренд болған ба?» – деген секілді пікірлер жазылып жатыр.
Әзірге Жігер Ауыпбаев бұл жазбаның нақты мән-мағынасы жайлы түсініктеме берген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

