Жаңалықтар

Жидебай батыр

Жидебай батыр жайлы
Жидебай батыр
08.10.2018 17:34 6650

Жасымның жүзге жеткені, Мұсылманның алғысы. Көзімнің ерте кеткені, Жоңғарлардың қарғысы, — деп Жидебай айтты деген сөз бар. Жидекең соғысқа бозбала шағынан 17 жасынан бастап кірген екен. Жидекең бабамызды сол заманда өмір сүрген халық батыр, шешен, әділ деп құрмет тұтып, сүйіспеншілікпен қадірлеп өткен. Ол заманда жер дауы, жесір дауы секілді даулар ел арасында талқыға салынып, шешіліп келді емес пе. Сондай зәбір-жапа шеккендер Жидекеңе жүгініп, төрелік айтуын сұрап тұрған және Жидекең де әділ төрелік айтып, ел іші бұзылмауын қолдап отырған екен. Жидекеңнің атасы Дос батырдың көрегендігі көптің көңілінде қалып оған жүгінеді екен, Батыр отқа жағылған қойдың жауырынына қарап  болжау айтып, жорамал жасау секілді  қасиеттері мол ерекше тұлға екен. Бұл қасиеттер Жидебайға Абылайдың қолын басқарған сәтінде көп көмек болса керек. Мәселен, Абылайдың шолғыншы жасақтарын басқарып, жорыққа шыққан сәтінде мүлде адаспайды екен. Айтпаса қиналған шақтарда жол тауып құтылып шығып отырған. Егер әлдеқалай жау қоршауына түсе қалса, бұлтарып жауды шатастырып, алдап кететін болған. Сондықтан да Жидекеңнің айлакер, амал тапқыш қасиеттерін бағалаған жұрт өзіне жөн сілтеп басқарларға көрінбейтін Қызыл түлкі киесі бар деп топшылаған. Жидекең қартайып жүзден аса беріп дүние салған деседі. Қайтыс болар алдында балаларын жинап алып: "Менің денемді қыстауға сүйремей, ана Мәшіріп (байдың әйелі болса, керек) жатқан төбеге жерлеңдер"- депті. Балалары ол жердің сол адамның есімімен аталып кеткендігін айтып, қарсы уәж білдіргенде "Мен барған соң Мәшіріп те түсінер, халқым да ұмытпас" депті. Кейіннен ол жер шындығында Жидебай әулие басы аталып, ел тоқтап. тәжім етіп, ақтық байлап, тілек тілейтін жерге айналса керек. Жидекеңнің мазары Шет ауданының Тұмсық бөлімшесінен 4-5 шақырым жерде, Нұра өзенінін жағасында тұр.

Сурет ашық интернет көзінен алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға