Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем кубогында алтын алды
17 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Ж.Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты.
Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Қуанышты жаңалығын Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен спортшы Алматы облысы жекпе-жек мектебі, Самат Рамазанов атындағы академиясы мен бапкері Самат Айтпанбетке алғысын білдірді.
Жарыс джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады.
Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.