Жібек Құламбаева Қытайдағы додада финалға өтті
12.08.2023 01:01
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева топырақ төсенішіндегі ITF турнирінің жұптық кезеңінде финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыс Қытайдың Аньнин елді мекенінде өтуде.
Жібек Құламбаева 19 жастағы тай спортшысы Ланлан Тарарудимен бірге қытайлық дуэт – Ли Зонгуй - Ушуан Чженмен ойнауы тиіс болған. Алайда олардың қарсыластары кездесуге келмей қалды. Сол себепті Құламбаева мен Тараруди келесі кезеңге өтті.
Ақтық сында қазақ-тай жұбы қытайлық спортшылар Гуо-Яньға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, кеше жеке сынның 1/8 финалында 23 жастағы Жібек Құламбаева қытайлық теннисші Юфей Реннен жеңіліп, жарысты аяқтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

