Қазақстан теннис федерациясы

Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыс жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Лозада (Португалия) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші белорус Юлия Готовкамен бірге финалдық бәсекеде ресейлік Полина Яценко – бельгиялық Ханне Вандевинкельмен кортқа шықты.

Бірінші партияда Құламбаева – Готовко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде ресейлік-бельгиялық дуэт есе қайырды – 6:1. 

Супер тай-брейкте пен Юлия жеңісті жұлып алды – 10:4.