Жібек Құламбаева Еуропадағы жарыстың финалына өтті
16.09.2023 02:25
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы кезде жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші литвалық Юстина Микульскитемен бірге аталмыш жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.
Турнир барысында қазақстандық-литвалық жұп үш кездесуін жеңіспен тәмамдады. Жартылай финалда олар грекиялықтар Элени Христофи — Димитра Павлоудың меселін қайырды – 6:1, 6:2.
Ж.Құламбаева мен Ю.Микульскитенің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Қазақстандық спортшы бұған дейін Рим мен Прагада жұптық сында үздік шыққан еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

