Қазір көптеген компаниялар сатушылардың жұмысын жеңілдету үшін жасанды интеллектіні пайдаланып жатыр. ЖИ сатушының орнын баса алмайды, бірақ күнделікті қарбаласты азайтуға жақсы көмектеседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірнеше танымал компаниялар мен зауыттардың қарапайым жұмыстарды ЖИ орындайды. Сатушылар күн сайын көп уақытын клиент деректерін толтыруға, хат жазуға, ақпарат жинауға жұмсайды. Енді мұның бәрін ЖИ жасай алады.
Сондай-ақ, мына жұмыстарды істей алады:
- қоңыраудан кейін клиент туралы мәліметті автоматты түрде жазу;
- коммерциялық ұсыныстың алғашқы нұсқасын дайындау;
- клиент өтінімдерін сұрыптау;
- жиі қойылатын сұрақтарға автоматты жауап беру.
Бұрынғына қарағанда сатушылардың жұмысы едәуір жеңілдеген. Негізгі жұмысқа клиентпен байланыс орнатуға көбірек уақыт кетіп отырса, қазір бұл функцияны ЖИ орындай алады.
ЖИ жарнама мәтіндерін, суреттер мен видеоларды жасайды, сұранысты болжайды, клиентке жеке ұсыныстар дайындайды. Бұл компаниялардың тиімді жұмыс істеуіне өз септігін тигізіп жатыр.
Бұған дейін, ЖИ көмегімен жарнамалық роликтің жарық көргенін хабарлаған едік.

