© Rolling Stone Culture Council

ЖИ мен адам жазған музыканы ажыратуға бола ма?

Ipsos компаниясының мамандары француздың Deezer сервисінің тапсырысымен зерттеу жүргізді. Онда қатысушыларға жасанды интеллект және адам жасаған музыкалық үзінділерді тыңдау ұсынылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Зерттеу көрсеткендей, 9 мың адамның 97%-ы нейрожүйе құрған композицияны шынайы музыкадан ажырата алмағаны анықталды.

Бұған дейін – 6-10 қазан аралығында Ұлыбритания, Канада, Бразилия, Германия, Франция, Жапония, АҚШ және Нидерланд тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, ол да дәл осындай қорытынды көрсетті – қатысушылардың 97%-ы адам жазған музыканы нейрожелі жасаған туындыдан айыра алмаған.

Сондай-ақ респонденттердің 51%-ы жасанды интеллекттің кең таралуы сапасыз музыкалық өнімдердің көбеюіне әкеледі деп санайды. Ал шамамен үштен екі бөлігі ЖИ шығармашылықты төмендетеді деген пікірде.

OpenAI компаниясы жасанды интеллекттің жаңа буыны – GPT-5.1 Instant және GPT-5.1 Thinking модельдерін ресми түрде таныстырғаны туралы жазғанбыз