Жезқазғанда ТЖД паркіне жаңа техникалар табысталды
08.08.2025 21:46
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы тағы үш заманауи КАМАЗ АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернасымен толықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл арнайы техника өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын жоғары тиімділікпен жүргізуге мүмкіндік беріп, өңірдегі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттырады. Жаңа машиналар қуатты сорғы қондырғысымен, заманауи жарықтандыру жүйесімен және қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған.
КАМАЗ АЦ-5-40 автокөліктері қала ішінде ғана емес, шалғай ауылдық жерлерде де тиімді жұмыс істеуге бейімделген. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

