Жаңалықтар

Жезқазғанда «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Жезқазғанда «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы өтті
Фото: Polisia.kz 22.09.2023 22:12 725

Жезқазғанда «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

18-21 қыркүйек аралығында Жезқазған қаласы аумағында «Қауіпсіз қала» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау, қылмыстың жолын кесу және халықпен тығыз қарым-қатынас орнату.

Облыс орталығы Жезқазған қаласының полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге де сауда жасау орындары, саяжайлар және құрылысы тоқтаған қараусыз қалған нысандарды тексеру жұмыстарын жүйелі жүргізді. Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік учаскелерде қала тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға күш салуда. Жезқазған қаласының аумағында 645 көпқабатты үй мен 4 099 жеке үйге 38 әкімшілік учаске белгіленген. Профилактикалық іс-шара аясында 67 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жауапқа тартылды, - делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Сонымен қатар патрульдік полиция рота қызметкерлерімен жол ережесін бұзған 24 көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, төрт көлік айыптұраққа қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға