Жезқазғанда пәтерде қамалып қалған екі бала құтқарылды
14.01.2025 04:32
Фото:
Видеодан кадр
Оқиға Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың анасының айтуынша, ол дүкенге шығып, қайтып оралған кезде пәтер есігін ешкім ашпаған. Перзенттерін уайымдаған әйел құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен бесінші қабаттағы балконнан төменгі пәтерге кірген. Олар балалардың аман екеніне көз жеткізіп, есікті іштен ашқан. Балаларды анасына табыстады. Ешкім зардап шеккен жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

