Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті
03.05.2023 23:49
Фото:
© Pixabay.com
Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2 мамыр күні сағат 20:00 шамасында Жезқазған қаласы ПБ-ға Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті, - делінген мәліметте.
23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жасар жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

